jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада лифтте жасөспірім кішкентай балаға пышақ жарақатын салған

    Жасөспірім
    Жасөспірім. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Желіде Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде белгісіз біреу кішкентай балаға пышақ жарақатын салған. Бұл ақпаратқа ПД баспасөз қызметі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға видеосы Astanovka98 Telegram-арнасында жарияланған. Онда жасөспірім және кішкентай бала лифтте тұрғанын, артынша кішкентай баланың бетінен жасөспірім бірнеше мәрте белгісіз затпен ұрғанын көруге болады. Одан соң жасөспірім лиффтен шығып кеткен. Полиция өкілдері күдікті ретінде жасөспірім баланың жеке басы анықталғанын хабарлады.

    "Оқиғаны тексеру барысында психоневрологиялық диспансер есебінде тұрған кәмелетке толмаған жасөспірім анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды, олар ата-аналық міндетін тиісінше орындамағаны үшін заңға сәйкес қатаң жауапқа тартылады.

    Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіпке сай бірден оқшауланады", - делінген хабарламада.

    Астанада лифтте жасөспірім кішкентай балаға пышақ жарақатын салған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.