jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Қыста сырт киімсіз аулада ұстаған": Павлодарда қарт адамдарды азаптау фактісі анықталды

    Әжей
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Павлодарда прокурорлар қарт адамдарды азаптау фактілерін анықтады. Жергілікті пансионаттардың бірінде түсірілген бейнежазбаларды зерттей келе жантүршігерлік фактілер ашылған, деп хабарлайды Бас прокуратураның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Ақсу қаласының прокуратурасы қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде қарттарға қатыгездік көрсету фактілерін анықтаған.

    "Мекемеде түсірілген бейнежазбаларды зерттеу барысында жантүршігерлік фактілер ашылды: пансионат қызметкерлері тұрақты екі дәрменсіз қарияны ұзақ уақыт бойы қорлап, зорлық-зомбылық көрсеткен. Жәбірленушілердің бірі - 84 жаста. Оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған", - делінген хабарламада.

    Осы факт бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

    Қазіргі уақытта барлық кінәлі адам анықталды. Прокуратура өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін айтты.

    "Қыста сырт киімсіз аулада ұстаған": Павлодарда қарт адамдарды азаптау фактісі анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.