jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада 15 тәулікке қамауға алынды

    Ержан Бабақұмаров
    Фото: Алматы қаласы әкімінің сайты

    Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров алкогольге мас күйде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ .

    Жоғарғы Сот сайтының сот кабинетінде жарияланған іс материалдарында Ержан Жалбақұлы Бабақұмаровтың көлігі 2025 жылдың 29 қаңтарында сағат 03:15 шамасында Астана қаласы Төлебаев көшесінің бойында тоқтатылғаны айтылған. Ол Toyota Land Crusier Prado көлігін мас күйде жүргізген", - делінген сот қаулысында.

    Нәтижесінде сот оған қатысты 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру туралы үкім шығарды.

    Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдар аралығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.

    2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" мемлекеттік мекемесін басқарды.

    Сол жылдың қыркүйегінде аталған қызметтен босатылды.

    Айта кетейік, сот кабинетіндегі құжаттарда Бабақұмаровтың жұмыссыз екені көрсетілген.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.