Павлодарда жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
Жарияланған күні:

Павлодарда жоғалып кеткен қала тұрғынының денесі табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Павлодар облыстық полиция департаметіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, іздестіру іс-шараларының барысында полиция қызметкерлері бұрын жоғалып кеткен қала тұрғынының денесін тапқан.
"Кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін полиция өкілдері Шымкентте адам өлтірді деген күдікті 16 жылдан кейін ұсталғанын хабарлаған еді. Ол 2009 жылдан бері іздеуде болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2223072-pavlodarda-zhogalyp-ketken-er-adamnyng-denesi-tabyldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде