jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте 2009 жылы аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталды

    Қолына кісен таққан ер адам
    Қолына кісен таққан ер адам. Көрнекі фото: zoka74 / Getty Images

    Шымкентте адам өлтірді деген күдікті 16 жылдан кейін ұсталды. Ол осы уақытқа дейін іздеуде болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Шымкент қаласы прокуратурасының ресми сайтына сілтеме жасап.

    Шымкент қаласы прокуратурасы Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтiру бабымен күдікке ілінген тұлға ұсталды.

    Қалалық прокуратура өкілдерінің хабарлауынша, 2009 жылы 9 қаңтарда "Астория" кафесінің жанында А. есімді азамат суық қарумен аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген, аталған тұлға осы уақытқа дейін тергеуден жасырынған.

    "Күдікті 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - дейді прокуратура өкілдері.

    Шымкентте 2009 жылы аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.