Оқыс оқиға

Зектілері

Алматыда арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасалды (видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Арнайы жасақ
Арнайы жасақ. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әлеуметтік желіде Алматыда адамдар мас күйде арнайы жасақ қызметкерлеріне шабуыл жасағаны туралы ақпарат шықты. Полицейлер бұл жазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазба Instagram желісіндегі krisp_almaty парақшасында жарияланды.

Жазба авторының сөзінше, 22 ақпанда таңғы уақытта Алматыдағы Назарбаев даңғылында мас күйдегі үш адам кезекшілік қызметте жүрген жылдам қимылдайтын арнайы жасақ (СОБР) қызметкерлеріне шабуыл жасаған.

"Қызметкерлерге агрессивті мінез танытқан мас күйдегі үш адам жүргені туралы қоңырау түсті, ал арнайы жасақ қызметкерлері агрессияға қарамастан, жоғары кәсібилік пен жауапкершілік танытып, оларға қарсы күш қолданбады", - делінген хабарламада.

Бұл ретте жазба авторы шабуыл жасаушылардың "құқық қорғау органдарында таныстарымыз бар" деп айтқанын атап өтеді.

"Ал олардың көлігі – Toyota Land Cruiser 300 – қаржылық жағдайы жақсы екенін және бұзақылардың ықпалды адамдар болуы мүмкін екенін көрсетеді", - деп есептейді жазба авторы.

NUR.KZ тілшісі Алматы полиция департаментіне хабарласып, бұл бейнежазбаға қатысты түсінік беруін сұрады. Полиция өкілдері шара қолданылғанын хабарлады.

"Құқық бұзушылар қоғамдық орында алкогольге мас күйде болғаны, ұсақ бұзақылық жасағаны, полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін ұсталып, жауапкершілікке тартылды", - деп түсіндірді полицейлер.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Айта кетейік, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабына сәйкес, алкоголь ішімдіктерін сатуға рұқсат етілген сауда және қоғамдық тамақтандыру объектілерін есепке алмағанда, көшеде және басқа да қоғамдық орындарда ішкені үшін немесе адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіретін мас күйде қоғамдық орындарға шыққаны үшін 16 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2223210-almatyda-arnaiy-zhasaq-qyzmetkerlerine-shabuyl-zhasaldy-video/