jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Киімі әп-сәтте өртенген": Қарағанды облысында бозбала 14 жастағы жасөспірімді өртеді деген күдікке ілінді

    Сіріңке
    Сіріңке. Көрнекі фото: pixabay.com

    Желіде Қарағанды облысында 14 жастағы жасөспірімнің өзге бозбаладан зардап шеккені туралы ақпарат пайда болды. Бұл оқиғаға қатысты облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы "Письма президенту" Telegram-арнасында хабарлады.

    "Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында 16 жастағы бозбала 14 жастағы жасөспірімге жанып тұрған сіріңке лақтырып жіберген. Бензинге малынған киім әп-сәтте өртеніп, бала қатты күйіп қалған. Өртеуші көмек көрсетудің орнына одан болған жайт туралы ешкімге тіс жармауын талап еткен. Қатты ауырсынуларға қарамастан, жасөспірім басқа шалбар киген беті үйіне қайтқан", - делінген жазбада.

    Пост авторы 2024 жылдың қыркүйегінен бері іс сотқа жетпегенін атап өтті.

    "Жәбірленушінің анасы әділдік іздеп жүр, бірақ процесс созылып жатыр. Осы уақытта бала тек ауырсынуларға ғана емес, полицияға хабарласқаны үшін мектепте қорқытуларға да төзумен келеді", - деп жазылған Telegram арнасында.

    Қарағанды облысының полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, факті бойынша 18 қыркүйекте қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті анықталып, полицияға жеткізілді.

    Зардап шеккен жасөспірім Балқаш ауруханасына жатқызылды. Емдеуден кейін бірқатар тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілгені анықталды.

    "Қазіргі уақытта қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын ескере отырып, күдіктінің жасына байланысты міндетті кешенді сот-психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы алынғаннан кейін қылмыстық іс сотқа жіберіледі", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

    Тергеу барысы Қарағанды облысының полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.

    "Киімі әп-сәтте өртенген": Қарағанды облысында бозбала 14 жастағы жасөспірімді өртеді деген күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.