Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы әуежайының қызметкерін пышақпен қорқытып, кепілге алған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Желілік полиция басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"7 наурызда Алматы әуежайында тексеру аймағына жақындап, тексеру инспекторының шашынан ұстап, асхана пышағымен қорқытқан ер адам ұсталды.
Құқық бұзушыдан суық қару алынып, ол полиция бөлмесіне жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген Желілік полиция басқармасының баспасөз хабарламасында.
Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында. Бұл факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
Сондай-ақ полиция өкілдері оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегенін атап өтті.
Айта кетейік, бүгін Алматы әуежайында оқыс жағдай болды. Белгісіз ер адамның әуежай қызметкерін кепілге алып, пышақпен қорқыта бастаған.
7 минуттан соң одан қару тартып алынып, ер адамды полиция қызметкерлері ұстап әкеткен.
Кейін құқық бұзушының ұсталған сәтінен видео тарады. Ал одан суық қаруды тартып алған белгілі әнші Бағлан Әбдірайымовтың туысы болып шықты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев батыл азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2226357-almatyda-auezhai-qyzmetkerin-kepilge-algan-er-adamga-qatysty-qylmystyq-is-qozgaldy/