jitsu gif
Оқыс оқиға

    Жетісу облысында алты баланың анасы ажал құшты

    әйелдің қолы
    Әйелдің қолы. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында алты баланың анасы кісі қолынан көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Аталған жағдай туралы Instagram желісіндегі парақшалардың бірі хабарлады. Онда 6 баланың анасы көз жұмғаны айтылған.

    Көп балалы ананың өлімі туралы ақпаратты Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

    Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Ескелді аудандық полиция бөлімі ішімдік ішу кезінде болған адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

    "Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.