RU
Оқыс оқиға
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Таразда жасөспірім әкесінің көлігін айдап кетіп, полициядан қашқан

Жарияланған күні:

Полицейлерден қашқан жасөспірім
Полицейлерден қашқан жасөспірім. Видео кадрдан: instagram.com/zhambyl_police

Таразда жасөспірім әкесінің көлігін айдап кетіп, полицейлерден қашқан. Салдарынан төрт әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айыппұл тұрағына қойылды, деп хабарлайды Жамбыл облыстық ПД Instagram-дағы ресми парақшасында.

Оқиға 14 наурыз күні болған. Ведомство таратқан ақпаратқа сай, түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде патрульдік полиция инспекторлары Hyundai Sonata автокөлігін жас бала жүргізіп бара жатқанын байқаған. Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, қауіпті маневрлар жасап, бой тасаламақ болған.

"Жолдың басқа қатысушыларына қауіп төндірмес үшін құқық бұзушыны бірнеше экипаж қоршап тоқтатуға тура келді. Тексеру барысында оның кәмелетке толмағаны және автокөліктің әкесіне тиесілі екені анықталды. Жасөспірімнің заңды өкілі шақырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оған қатысты төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, былтыр Батыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде жол талғамайтын көлікті басқарған жасөспірім жол-көлік оқиғасына ұшырап, ауруханаға түскен.

Одан бөлек, желіде мектеп оқушылары түсірген видео пайда болып, Алматыда көлік тізгіндеген жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2228823-tarazda-zhasospirim-akesining-koligin-aidap-ketip-politsiiadan-qashqan/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif