jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда ауқымды тұтқындаулар жүргізілді: 29 адам қамауға алынды (видео)

    Қамауға алынған ер адам
    Қамауға алынған ер адам. Кадр: polisia.kz

    Ішкі істер министрлігі Қазақстанда бір аптада 110 келіден астам есірткі тәркіледі. 29 адам қамауға алынды деп хабарлайды Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Соңғы аптада Қазақстанның бірнеше қаласы мен облыстарында операциялар жүргізілді. Алматыда 26 жастағы ер адам көлігімен 2,5 кг мефедрон, 50 грамм кокаин және 30 грамм "экстази" есірткісін тасымалдау кезінде ұсталды.

    Сондай-ақ бір келіге жуық мефедрон мен 20 грамм кокаинды автокөлікпен тасымалдаған екі азамат ұсталды.

    Абай облысында 27 жастағы ер адам құрықталды. Ол түрме аумағына салмағы 2 кг болатын алты орам гашиш тастамақ болған.

    Астанада 27 жастағы ер адам 10 келіден астам гашиш пен 265 грамм марихуана сақтаған. Ол есірткіні Telegram арқылы сатып алған.

    "Нәтижесінде бір апта ішінде 29 адам қамауға алынды. 110 келіден астам есірткі тәркіленді. Олардың ішінде 78 келіден астам синтетика, 9 кг гашиш, 22 кг марихуана және 68 грамм кокаин. Ішкі істер министрлігі есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша белсенді жұмысты жалғастырып жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

    Қазақстанда ауқымды тұтқындаулар жүргізілді: 29 адам қамауға алынды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.