jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    АШМ-ға қарасты департаментте қызмет еткен экс-шенеунік жемқорлық бойынша күдікке ілінді

    Костюмдегі ер адам
    Ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

    Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты департамент директорының бұрынғы орынбасары жемқорлық бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Астана қаласы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігі департаменті директорының бұрынғы орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

    Ол үлестес компанияны қызметтік көлікті жөндеуге заңсыз тартты деп күдікке ілінді, сол арқылы бюджет қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып, ұрлап әкеткен, бұл мемлекетке 3 млн теңгеден астам шығын келтіруге әкеп соқтырған", - делінген Антикордың Telegram-дағы арнасында жарияланған хабарламада.

    Агенттіктің мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

    АШМ-ға қарасты департаментте қызмет еткен экс-шенеунік жемқорлық бойынша күдікке ілінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.