Оқыс оқиға

Зектілері

Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алған ер адам сотталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Күдіктіні ұстау сәті
Күдіктіні ұстау сәті. Кадр: Түркістан облысы ПД

Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алып, пышақпен қорқытқан ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Былтыр Сайрам ауданының тұрғыны бұрынғы әйелінің үйіне баса көктеп кіріп, ,балаларын көрсетпей жүргені үшін мойнына пышақ тақап, өлтіремін деп қорқытқан болатын.

"Ол бұған дейін сотты болған, лудоманиямен ауырғанына байланысты ажырасқан.

Күдікті жәбірленушінің туыстары мен құқық қорғау қызметкерлерінің ескертулерін тыңдамай, оны пышақпен қорқытып, аулада тұрған автокөлікті өзіне басқартып, ол жерден бой тасалаған.

Сол күні арнайы іс шара жүргізу барысында күдікті Шымкент қаласында ұсталып, жәбірленуші кепілден босатылды", - дейді прокуратурада.

Сот барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушыны бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот жоғарыда аталған мән-жайларды ескере отырып, алдыңғы үкім бойынша өтелмеген 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасын ішінара қосып, түпкілікті 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2234441-turkistan-oblysynda-buryngy-aielin-kepilge-algan-er-adam-sottaldy/