jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "12 жасар қызға зорлық-зомбылық көрсеткен": Жетісу облысында ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    судья
    Судья. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Жетісу облысында ер адам жасөспірім қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

    Құзырлы органның ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, былтыр тамыз айында К. 12 жасар қыз жатқан үйге кіріп, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

    Сол күні ол ұсталды. Кейін қамауға алынып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады (Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі) деген айып тағылған.

    Алайда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушының әрекетін жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмысқа оқталу деп қайта саралап, оны небәрі 15 жылға бас бостандығынан айырған.

    "Прокуратураның дәйекті және принципті ұстанымының нәтижесінде апелляциялық инстанция бұл үкімді өзгертіп, кінәлі өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - дейді облыстық прокуратура өкілдері.

    Үкім заңды күшіне енді.

    "12 жасар қызға зорлық-зомбылық көрсеткен": Жетісу облысында ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.