jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада білім басқармасының қызметкері 5 жылға сотталды

    ақша
    Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Елордада прокурорлар білім беру ұйымдарын тексеру барысында лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды kazinform.kz.

    "Елордалық білім басқармасының бөлім басшысы өзінің қызметтік жағдайын материалдық пайда үшін жеке мақсатта пайдаланғаны анықталды. Тексеру материалдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке беріліп, онда қосымша бірнеше рет пара алу фактісі ашылды. Сот талқылауының қорытындысы бойынша лауазымды тұлға кінәлі деп танылды", - делінген қалалық прокуратура таратқан хабарламада.

    Осылайша сот Білім басқармасының бөлім басшысын бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    "Бұл жағдай білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылаудың маңыздылығын және лауазымды тұлғалардың заңды қатаң сақтау қажеттігін көрсетеді", - деді ведомство өкілдері.

    Астанада білім басқармасының қызметкері 5 жылға сотталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.