Алматы прокуратурасы баспана сатып алғысы келетіндерді абай болуға шақырды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматыда өзін иесімін деп таныстырып, құрылысы аяқталмаған жылжымайтын мүлікті сату бойынша алаяқтық фактілері жиілеп кетті, деп хабарлайды қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы прокуратурасының ресми сайтында хабарланғандай, қалада жылжымайтын мүлікті сатуға қатысты алаяқтықтың жаңа түрі белең алып жатыр.
Әсіресе бастапқы нұсқадағы объектілер (құрылысы аяқталмаған жеке үйлер, кеңселік коммерциялық үй-жайлар және т.б.), яғни құрылысы аяқталмаған немесе тұруға дайын емес үйлерді сату тұрғысынан алаяқтық жиілеген.
"Алаяқтар құрылысы аяқталмаған жылжымайтын мүлікті пайдаланады, құжаттарды бұрмалап, өздерін нақты иелері ретінде таныстырады. Сатып алушы үйдің немесе пәтердің жай-күйін мұқият тексеріп алу мүмкіндігінсіз, объектіні жоғары немесе төмен бағамен сатып алуы мүмкін.
Мысалы, алдын ала сөз байласу арқылы өздерін Алматының элиталық ауданында салынып бітпеген жеке меншік үйдің қожайынының туысқандары ретінде таныстырып, жылжымайтын мүлікті сату кезінде мүдделерді білдіру құқығына нотариалды куәландырылған сенімхат ұсынған адамдар тобына қатысты қылмыстық іс тергеп-тексеріліп жатыр.
Алаяқтар клиенттерге үй иесі егде жастағы адам екенін және шетелде тұратынын айтқан.
Мұндай қылмыстардың белең алуына Алматыда жеке меншік секторлардың белсенді салынуы және нарықта сату кезінде иесіз қалатын көптеген нысанның болуы себеп. Тиісті бақылаусыз және тиісті заңды тексерусіз сатып алушылар алаяқтардың құрбаны бола алады" - дейді прокуратурада.
Осы орайда құзырлы орган Алматыда жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде алаяқтықты болдырмаудың амалдарын ұсынды:
- Құжаттарды тексеру. Жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде барлық қажетті құжатты сұратып, мұқият тексеру қажет, олар: құрылысқа рұқсатты, қабылдау актісін және басқа да растайтын құжаттар, соның ішінде нотариалды куәландырылған сенімхатты мұқият тексеру қажет.
- Ең дұрысы жылжымайтын мүлікпен жасалатын мәмілелердің заңдылығын тексере алатын және бастапқы нұсқадағы немесе құжаттары жалған объектіні анықтауға көмектесетін заңгерге жүгіну керек.
- Объектінің жай-күйін тексеру керек, объектінің нақты жай-күйіне жеке көз жеткізу маңызды. Егер күмәніңіз болса, бағалау үшін сарапшыны тартуға болады.
- Жылжымайтын мүлік саласындағы алаяқтықпен күрес билік тарапынан да, сатып алушылардың тарапынан да белсенді іс-қимылды талап етеді. Мұқият болу, мәміленің барлық кезеңін мұқият тексеру және "тиімді" ұсыныстарды ұсынатын алаяқтардың сөзіне ермеу маңызды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2236782-almaty-prokuraturasy-baspana-satyp-algysy-keletinderdi-abai-boluga-shaqyrdy/