jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстан азаматы отбасындағы барлық жанжалға әйелінің жұмысын кінәлап, кафені қиратқан

    Ер мен әйел арасындағы жанжал
    Ер мен әйел арасындағы жанжал. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Жезқазғанда бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіріп, ірі көлемде шығын келтірген ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Ұлытау облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Соттың Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланғандай, іс Жезқазған қалалық сотында Қылмыстық кодекстің 202-бабы 1-бөлігі бойынша қаралды.

    Сотта анықталғаны:

    Сотталушы 2025 жылғы 2 қаңтарда сағат 03:55 шамасында әйелімен туындаған жанжалдан соң, отбасылық даулардың барлығы әйелінің Жезқазған қаласы Абай көшесінде орналасқан кафеде қосымша жұмыс істеуінен туындады деген желеумен, Toyota маркалы автокөлігімен кафеге жетіп, оның ғимаратының алдыңғы бөлігінен соққы жасап, есік тұсын қиратқан.

    Ол жәбірленуші тараптың мүлкін қасақана бүлдіріп, 988 000 теңге мөлшерінде айтарлықтай залал келтірген.

    Сот талқылауы барысында сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Айыпталушы өз кінәсін толықтай мойындаған.

    "Жезқазған қалалық сотының үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің 202-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген. Жәбірленушінің пайдасына келтірілген материалдық шығын толық өндірілді", - делінген сот хабарламасында.

    Үкім заңды күшіне енді.

    Қазақстан азаматы отбасындағы барлық жанжалға әйелінің жұмысын кінәлап, кафені қиратқан

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.