jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Шымкентте мұғалімді бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды (видео)

    блогердің ұсталуы
    Блогердің ұсталуы. Видеодан кадр: instagram.com/police_shymkent/

    Шымкентте мүғалімнен ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қаладағы мектептердің бірінің өкілі полицияға арыз түсірген. Сол бойынша полиция департаментінің қызметкерлері ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікті азаматты ұстады.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті өзінің танымалдылығын пайдаланып, жағымсыз ақпаратты жариялаймын деп қорқытып, 1,2 млн теңге талап еткен.

    "Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ полиция департаментінің өкілдері елге қандай да бір қысым көрсету, қорқыту және бопсалау әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Полицейлер азаматтарды мұндай жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

    Шымкентте мұғалімді бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.