jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті (видео)

    Руслан Берденов
    Руслан Берденов. Фото: t.me/mazhilis_kz

    Қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы kazinform.kz хабарлайды.

    Шымкент қаласы полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, 2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында атыс қаруын қолдану фактісі тіркелген. 

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

    "Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген ведомство ақпаратында.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Руслан Берденовтің ақпан айының соңында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғанын жазған болатынбыз. 

    Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.