"Ота жасалып жатыр": әріптесі Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты
Жарияланған күні:
Читать на русском
Бүгін жараланған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов тірі, ота жасалып жатыр. Бұл туралы оның партияласы Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында хабарлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Достар, әріптестер. Руслан Берденов тірі, ота жасалып жатыр. Оған үш рет оқ атылып, екі оқ ішке енген, өмірлік маңызды ағзалары зақымданбаған", - деп хабарлады Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында.
Бүгін кешке Шымкент әкімдігінің маңында белгісіз біреу қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқаны белгілі болды. Ол ауруханада жатыр. Күдікті қамауға алынды.
Еске салайық, биыл ақпанда Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Оның кандидатурасын президент әкімшілігі мақұлдаған. Бұған дейін ол парламент мәжілісінің депутаты қызметін атқарған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2237934-ush-ret-oq-atqan-oqqa-ushqan-ruslan-berdenovting-zhagdaiy-qandai/