jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Ота 4 сағаттан астам уақытқа созылды: дәрігерлер Шымкент әкімі орынбасарының жағдайы туралы айтты

    Руслан Берденов
    Руслан Берденов. Фото: t.me / shymkentgov

    Дәрігерлер кеше қастандық жасалған Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Белгілі болғандай, Берденов ауыр жағдайда ауруханаға түскен. Оған 4 сағаттан астам уақытқа созылған шұғыл ота жасалды.

    Қазіргі уақытта өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

    "Отадан кейінгі диагноз: оң жақтағы кеуде қуысы тұсына тиген оқ жарақаты, оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің, қабырға аралық артериялардың және диафрагманың көптеген жарақаты; оң жақ тұсындағы гемопневмоторакс.

    Сондай-ақ бауырдың зақымдануы, құрсақ қуысының көптеген жарақаты, ішкі қан кетулер, оң жақ бүйрек, иық және білек аймағындағы көптеген оқ жарақаты, сыртқы қан кетулер диагнозы қойылды. Плевропульмональдық және геморрагиялық шок алған", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта Берденовтің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағаланып отыр. Ол дәрігерлердің бақылауында және барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

    Ота 4 сағаттан астам уақытқа созылды: дәрігерлер Шымкент әкімі орынбасарының жағдайы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram