jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды

    Скриншот
    Видеодан кадр: instagram.com/almaty_police_department

    Алматыда жедел жәрдем көлігінің алдына түсіп алып, жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

    Алматы полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 22 сәуір сағат 15:30-да Трудовая және Әшімов көшелерінің қиылысында жол ережесін бұзу дерегі тіркелді.

    Toyota көлігінің жүргізушісі шамы қосылып тұрған жедел жәрдем көлігіне жол бермей, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 598-бабының 1-бөлігінің талаптарын бұзған.

    "Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері әйелді әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оған қатысты алдын алу, түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - делінген хабарламада.

    Алматы қалалық полициясы жедел тапсырмаларды орындайтын көліктерге қатысты жүргізу тәртібін сақтау тек заң талабы ғана емес, адам өмірінің мәселесі екенін ескертеді.

    Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.