jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда банк бөлімшесіне ұрлыққа түспек болған ер адам видеоға түсіп қалды

    Бейнебақылау камерасына түскен жағдай
    Бейнебақылау камерасына түскен жайт. Видеодан кадр: polisia.kz

    Алматыда полиция банктен ақша ұрламақ болды деген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

    Медиа-порталдың хабарлауынша, полиция қызметкерлері екінші деңгейлі банк бөлімшесінен қолма-қол ақша ұрлау әрекетінің бетін ашты. Оқиға түнде болған.

    "Белгісіз ер адам ғимаратқа терезе арқылы кіріп, одан кейін кассаға өтпек болғанымен брондалған шыныдан өте алмаған. Бұл әрекеттің бекер екенін түсінген күдікті оқиға орнынан кетіп қалған", - деді, Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов.

    Криминалдық полиция басқармасы Жетісу аудандық полициясымен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қысқа мерзімде 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталған.

    "Аудандық жедел қызметкерлер мен біздің бөлімшенің қызметкерлерінің келісілген жұмысының арқасында ұрлық жасау әрекеті ізі суымай ашылды. Бұл – профилактикалық бейнебақылаудың тиімділігінің және қызметкерлеріміздің жедел әрекет етуінің жарқын мысалы. Біз жаңа технологиялар мен цифрлық мүмкіндіктерді белсенді түрде қолданамыз. Күдікті өз кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Талант Исаев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.