jitsu gif
Оқыс оқиға

    Таразда аудандық мәслихат депутаты соққыға жығылды

    Нұрлан Байғазиев
    Нұрлан Байғазиев. Фото: Facebook/Нуреке Алтынбекович

    Желіде Таразда Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты Нұрлан Байғазиевтің соққыға жығылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұған қатысты Жамбыл облысының полиция департаменті өкілдері түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Депутаттың соққыға жығылғаны туралы Instagram желісіндегі Taraznews.kz паблигі хабарлады. Оқиға 2025 жылы 13 мамырда сағат 18:00 шамасында қаладағы дәмханалардың бірінде болған.

    Алдын ала мәлімет бойынша, депутат әрі адвокат Нұрлан Байғазиев бет сүйегі көп жерінен сынып, ауруханаға түскен.

    "Алдын ала мәлімет бойынша, депутат әрі заңгер Нұрлан Байғазиев бет сүйегінің көптеген сынығымен ауруханаға жатқызылды. Қазір ол ауруханада, дәрігерлер ота жасауға дайындап жатыр.

    Нұрлан Байғазиев Таразға жұмыс сапарымен келгені белгілі болды. Ол заңгер ретінде клиенттермен кездесу өткізіп жүрген. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, дәл сол уақытта оған шабуыл жасалған. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз біреу оның бетінен кастетпен ұрған", - делінген желідегі жазбада.

    Оқиғаның болғанын Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

    "Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаға қатысы бар тұлға анықталып, полицияға жеткізілді", - деп хабарлады ведомстводағылар.

    Сондай-ақ жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілгенімен, ауруханаға жатқызудан бас тартқаны хабарланды.

    Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты қажетті жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында жергілікті мәслихат депутаты Нұрлан Байғазиев түсірген видео желіде резонанс тудырып, кейін екі полиция қызметкері қызметінен босатылған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.