Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады
Опубликовано:

5 жылға бас бостандығынан айырылған "Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұрады, деп хабарлайды Kazinform.
"Сотталушы Абылай Мырзахметовтің өтінішхаты Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына түсті. Онда шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды сұраған. Өтінішхат 2 мамырда тіркелді. Заң бойынша бір ай мерзім ішінде қарастырылады", - деп хабарлаған Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр мамырда Абылай Мырзахметов Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша яғни, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Сондай-ақ ол өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде 10 жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырылып, одан мемлекет кірісіне қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд теңге сомасында ақша қаражаты тәркіленді.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2245248-abylai-myrzahmetov-shartty-turde-merziminen-buryn-bosatudy-surady/