Алматыда тұрғын үй кешенінің жанында екі адам пышақ жарақатын алды (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Алматы полициясы кеше түнде "Үш Сұңқар" тұрғын үй кешенінің екі тұрғыны пышақ жарақатын алды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Оқиға орнында түсірілген видеоны Telegram-дағы "Твой Алматы" арнасы жариялады. Кадрлардан үйдің кіреберісінде жедел жәрдем және полиция көліктерінің шоғырланғанын байқауға болады.
""Үш Сұңқар" тұрғын үй кешенінің маңында екі адамның пышақталғаны айтылды" - делінген хабарламада.
Қалалық ПД өкілдері Әуезов аудандық полиция басқармасы суық қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық фактісі бойынша іс қозғағанын хабарлады.
"Аталған тұрғын үй кешенінің тұрғындары арасында туындаған жанжал кезінде бір адам екі қарсыласын пышақтап кеткені анықталды, оларға медициналық көмек көрсетілді.
Күдіктілер анықталды. Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті өкілдері.
Бұзақылық үшін қандай жаза белгіленген
Бұзақылық үшін қылмыстық жаза Қылмыстық кодекстің 293-бабында қарастырылған.
Бапта бұзақылық – азаматтарға күш қолданумен немесе оны қолданамын деп қорқытумен, сондай-ақ бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен, не ерекше цинизммен ерекшеленетін арсыз әрекеттер жасаумен ұштасқан, қоғамды көрнекі түрде сыйламауды білдіретін қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу деп көрсетілген.
Осы баптың 1-бөлігіне сәйкес, бұзақылық үшін 2000 АЕК (7,8 млн теңге) мөлшерінде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеледі, не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Сол баптың 2-бөлігінде бұзақылық үшін мынадай жағдайларда жаза қарастырылған:
- алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаса;
- билік өкiлiне немесе қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi атқаратын немесе қоғамдық тәртiптiң бұзылуына жол бермейтiн басқа адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;
- қайталап жасалса;
- әуе кемесінің, өзен кемесінің, теңіз кемесінің немесе теміржол көлігінің бортында жасалса.
Бұл бөлім бойынша төбелеске қатысушыларға 5 мың АЕК (19,6 млн теңге) мөлшерінде айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, не бес жылға дейін бас бостандығы шектеледі, не сол мерзімге бас бостандығынан айырылады.
Еске сала кетейік, кеше түнде Алматыда тағы бір оқыс оқиға тіркелді. Полиция мәліметінше, бір-бірін танитын ер адамдардың арасында жанжал туып, бірі екіншісінің аяғына оқ атқан. Басқа да мән-жайлар анықталып жатыр.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2246433-almatyda-turgyn-ui-keshenining-zhanynda-eki-adam-pyshaq-zharaqatyn-aldy-video/