jitsu gif
Оқыс оқиға

    Сәтбаевта подъезде қызға шабуыл жасаған ер адам видеоға түсіп қалды

    шабуыл
    Шабуыл. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Әлеуметтік желілерде Сәтбаев қаласындағы үйлердің бірінің подъезінде қызға шабуыл жасалған сәттің видеосы тарады. Күдікті анықталып, ұсталған, деп хабарлайды Ұлытау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Желілерде тараған видеодан көпқабатты үйдің подъезіне кірген қызға, артынан ілесіп кірген ер адамның шабуыл жасағанын байқауға болады.

    Ол бойжеткенді ұстап алып, баспалдақтан сүйрей жөнеледі. Қыз айғайлап, қарсылық білдіреді, осыдан кейін ер адам қашып кетеді.

    Осы кезде көршілердің бірі пәтерден шығып, ер адамның артынан жүгіре жөнеледі.

    Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, күдік ізін суытпай ұсталған.

    "Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.