"Шок жайдайда болмаған": прокурор Шерзат ісі бойынша куәлердің әрекетін тексеруді сұрады
Опубликовано:

Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша прокурор Дана Сәрсембай бүгін жарыссөзде оқиға орнында болған куәлер Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыкелдінің әрекеті қайта саралауды қажет ететінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыкелді қылмыс жасалған сәтте оқиға орнында болғанын растағанымен өздерін шок жағдайында болғанын, кей жағдайды көрмегендерін, құқық қорғау органдарына хабарлауға мүмкіндігі болмағанын, себебі қорқыныш күйде болғанын айтты.
Олар өз сөзінде қалта телефондары сөмкеде, ал сөмкелері көлікте болғанын айтқан. Алайда тергеу барысында алынған нақты деректер мен бейнематериалдар бұл мәлімдемелерді толығымен теріске шығарады.
Біз зерделеген Toyota көлігінен бейнежазбаға сәйкес, оқиғадан кейін олар өздерін еркін, дөрекі және ең бастысы, болған оқиғаға қарамастан еш уайымсыз сотталушылармен бірге көңілді отырған. Бұл олардың шок жайдайда болмағанын, керісінше, жағдайды саналы түрде бақылап, тіпті қасақана үнсіздік танытқанын байқатады.
Сот барысында куәлер автокөлікте болған оқиға туралы ештеңе айтпай, жасырып, жалған жауап берген. Куә тек шындықты айтуға тиіс. Сот алдында жалған куәлік беру немесе маңызды ақпаратты жасыру – заңдық жауапкершілікке алып келетін әрекет. Аталған мән-жайлар тиісті тексеру жүргізуді және процессуалдық шешім қабылдауды талап етеді. Сондықтан осы фактілерді тексеру үшін Алматы облыстық полиция департаментіне жеке қаулы шығару қажет деп санаймыз", - деді прокурор Дана Сәрсенбай.
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2251359-shok-zhaidaida-bolmagan-prokuror-sherzat-isi-boiynsha-kualerding-areketin-tekserudi-surady/