jitsu gif
Оқыс оқиға

    Астанада жолаушылар автобусы бағанаға соғылды (фото, видео)

    Астанада жол апатына түскен автобус
    Астанада жол апатына түскен автобус. Фото: Astanovka98

    Желіде жол апатына түскен жолаушылары автобусының видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, автобус бағанаға соғылған. Оқиға орнына медицина қызметкерлері жеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Astanovka98 Telegram-арнасында жарияланған жазбаларға сүйенсек, Астанадағы Самал ықшамауданында жолаушылар автобусы жол апатына ұшыраған.

    Желідегі ақпараттарға сай, көлік құралы бағанаға соғылған. Зардап шеккендер туралы куәгерлер ақпарат берген жоқ. Қазіргі таңда оқиға орнында жедел жәрдем көліктері тұр.

    Куәгерлер жол апаты болған жерде адамдар жиналып алғанын жеткізеді.

    Артынша автобустың алдыңғы бөлігінің фотосы жарияланды. Кадрлардан көлік құралының есігі ашылмай қалғанын көруге болады.

    KAZ.NUR.KZ Астана полиция департаменті баспасөз қызметіне аталған жайт бойынша сұрау салды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.