jitsu gif
Оқыс оқиға

    Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша 9 айыпталушыға үкім 5 маусымда жарияланады

    Ержан Жанұзақос
    Сотқа төрағалық етуші Ержан Жанұзақов. Фото: Telegram/Жоғарғы сот

    Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысында судья Ержан Жанұзақов 9 айыпталушыға үкім 5 маусымда жарияланатынын мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін, 3 маусымда өткен сот жарыссөзінде сотталушылардың қорғаушылары, ата-аналары және сотталушылар сөз алды. Жарыссөз соңында судья Ержан Жанұзақов тараптарға үкімнің қашан жарияланатынын хабарлады.

    "Сот қылмыстық іс бойынша үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне шығады. Үкім 2025 жылғы 5 маусымда 16:00-де жарияланады", - деді сотқа төрағалық етуші судья Ержан Жанұзақов.

    Айта кетейік, бұл іс бойынша 9 адамға қатысты айып тағылып отыр. Сот жарыссөзінде прокурор Дана Сәрсенбай оларға 1,5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.