jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Бұрынғы қорғаныс министрінің ұсталғаны туралы қауесетке қатысты қылмыстық іс қозғалды

    Руслан Жақсылықов
    Руслан Жақсылықов. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    Бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы жалған ақпараттың таралуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін желіде экс-қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың ұсталғаны туралы қауесет таралған, кейін ақпарат жалған екені белгілі болды.

    Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    "Ақпараттық сұрауда көрсетілген тұлғаның ұсталуы туралы БАҚ-та көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша Астана қаласының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 274-бабының 2-бөлігі (Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады полиция өкілдері.

    Ведомстводағылар сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін қоса кетті.

    Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланды. Кейін экс-министрдің өзі қауесетті жоққа шығарды. Бас прокуратура да бұрынғы министрге қатысты "қылмыстық іс қозғалды" деген ақпаратты растаған жоқ.

    Айта кетейік, Руслан Жақсылықов таяуда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылған еді. Жақсылықовтың орнына Қорғаныс министрі болып Дәурен Қосанов тағайындалғанын жазғанбыз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.