jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Астанада балабақшаның бейнебақылау камерасына түсіп қалған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды

    баланы ұрған сәт
    Видеодан кадр: t.me/egovpress

    Елордалық балабақшалардың бірінде бүлдіршінді ұру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәрбиешінің көмекшісі жұмыстан босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін Telegram-дағы Egov.Press арнасында мекеме қызметкерінің балаларға қатысты физикалық күш қолданғалы түсірідген кадрлар жарияланды.

    Автордың сөзінше, ата-аналар мұндай жағдай бұл балабақшада жиі болатынын айтқан.

    Оқиғаға қатысты Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі түсінік берді.

    "Мектепке дейінгі ұйым әкімшілігі оқиғаға қатысты барлық қажетті шараны қабылдады. Тәрбиеші көмекшісінің балаға күш қолданғаны бақылау камерасындағы бейнежазба арқылы расталып отыр", - делінген хабарламада.

    Қазіргі уақытта тәрбиешінің көмекшісі тәртіптік жазаға тартылып, қызметінен босатылды, деп атап өтті ведомство өкілдері.

    Материалдар полиция департаментіне жіберілді. Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне Алматы аудандық полиция басқармасы балабақшалардың бірінде бүлдіршіннің соққыға жығу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

    "Тергеу амалдары жүріп жатыр, мекеме қызметкерлері, ата-аналар мен куәгерлерден жауап алынуда. Сонымен бірге бұл факті бойынша кінәлілерге шара қолдану үшін Астана қаласының Білім сапасын қамтамасыз ету басқармасына ұсыныс жолданады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

    Ескерту: видеода зорлық-зомбылық көрінісі бар!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.