jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Алматы көшесінде әйелді ұрып-соққан адам іздестіріліп жатыр (видео)

    Жұдырық
    Жұдырық. Көрнекі фото: Getty Images / stock photo

    Желіде Алматыда ер адамның көшеде әйелді ұрып-соғып жатқаны түсірілген кадрлар жарияланды. Полиция қызметкерлері жағдайды анықтап жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видеоны Telegram желісіндегі KöpSöz арнасы жариялады. Сипаттамада оқиғаның бүгін таңғы сағат 4 шамасында Достық шағын ауданындағы Сыйластық көшесінде болғаны жазылған.

    "Ер адам әйелді қатыгездікпен соққыға жыққан. Куәгердің айтуынша, әйелдің үсті-басы қанға боялған, ал оған шабуыл жасаған адам ішімдік ішкен күйеуі болуы мүмкін.

    Оқиға видеоға түсірілгенімен, полиция шақыруға мүмкіндік болмады – ер адам жәбірленушімен бірге оқиға орнынан тез кетіп қалған", - делінген жазбада.

    NUR.KZ тілшісі Алматы полициясына хабарласып, ресми түсінік беруді өтінді. Полициядағылар оқиға бойынша тексеру жүріп жатқанын айтты.

    "Әлеуметтік желіде бірнеше азаматтың арасындағы жанжал, оның ішінде ер адамның әйелге күш қолданған сәті түсірілген видео тарап жатыр.

    Түскен ақпаратқа байланысты Әуезов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дереу тексеру жұмыстарын бастады.

    Қазіргі уақытта полицияға оқиғаға қатысты ешқандай ресми шығым, қоңырау немесе хабарлама түспегені анықталды. Тексеру жүріп жатыр. Оқиғаның қатысушылары мен мән-жайы анықталады.

    Тексеру қорытындысы бойынша оқиғаға Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында құқықтық баға беріліп, тиісті шаралар қабылданады", - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

    Ескерту! Бейнежазбада зорлық-зомбылық көрінісі бар, сондықтан кәмелетке толмағандарға, жүрегі әлсіз адамдарға және жүкті әйелдерге көру ұсынылмайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.