Астанада әлдекімдер LRT вагондарының сыртына сурет салып кеткен (фото)
Опубликовано:
Читать на русском
Астанада белгісіз біреулер биыл күзде іске қосылады деп жоспарланып отырған жаңа LRT вагондарын бояп тастаған. CTS компаниясы оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Telegram желісінде "Астана - Что? Где? Когда?" арнасы жазды, сонымен қатар боялған вагондардың фотосуреттерін жариялады.
"Қалалық көлік жүйелері" компаниясы NUR.KZ тілшісіне вандалдар вагондардың сыртына граффити салып кеткенін растады.
"Ақпарат құқық қорғау органдарына жіберілді, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұл ретте вагондар арнайы қорғаныс қабатымен қапталғанын атап өткен жөн, сондықтан бояу негізгі лакпен боялған қабатқа сіңбейді", - дейді компания өкілдері.
Салынған суреттерді жою жұмыстары басталып кеткені белгілі болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2259130-astanada-aldekimder-lrt-vagondarynyng-syrtyna-suret-salyp-ketken-foto/