jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Өскеменде жүргізуші бірнеше көлікті соғып, оқиға болған жерден жайбарақат кетіп қалған (видео)

    оқиға
    Видеодан кадр: instagram.com/shygys.aqparat/

    Өскеменде жүргізуші аулада бірнеше көлікті қасақана соғып, біреуін жолға итеріп шығарып жіберді. Болған жағдайды оқиға куәгері видеоға түсіріп алған. Күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Видео Instagram желісінде shygys.aqparat парақшасында жарияланды.

    Кадрлардан көлік тізгіндеген ер адамның алдында тұрған көлікті жолға итеріп шығарып жібергені, содан кейін аулаға қайта кіріп, көгалға тоқтап, ештеңе болмағандай кетіп қалғанын көруге болады.

    "Өскемендегі Космическая көшесінде көлік жүргізушісі ауладан шығып келе жатып, дәл сол сәтте аулаға кірмек болған көлікті соққан. Жол апатына себепкер болған жүргізуші қарсы көлікті жол жиегіне қарай итеріп жіберіп, өзі тоқтамастан бұрылмақ болғанда жарық бағанына соғылды", - делінген жазбада.

    ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицейлер азаматтың жеке басын анықтады.

    "Қазір оны ұстау шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлады департаменттегілер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.