Талдықорғанда төбелес кезінде бір адам пышақ жарақатынан көз жұмды
Опубликовано:
Читать на русском
Талдықорғанда төбелес болып, оған қатысқандардың бірі пышақ жарақатынан көз жұмды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Жетісу облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Талдықорғандағы жантүршігерлік оқиға туралы Telegram желісіндегі Kris_p_astana арнасынан мәлім болды.
Жазбада жігіттер арасындағы төбелес "Восточный" шағын ауданында болғаны айтылады.
"Төбелес кезінде оған қатысқандардың бірі пышақ жарақатын алды. Алған жарақатынан ол жедел жәрдем келгенше сол жерде қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлер бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2259675-taldyqorganda-tobeles-kezinde-bir-adam-pyshaq-zharaqatynan-koz-zhumdy/