jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс сотқа жолданды

    Перизат Қайрат
    Перизат Қайрат. Фото: instagram.com/01pk

    Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Бас прокуратура П. Қайратқа және Г.Алашбаеваға қатысты қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберді.

    Аталған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ Қазақстанда су тасқынынан және Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен адамдарға қайырымдылық көрсету желеуімен жиналған 3 миллиардтан астам теңгені жымқырды деп айыпталып жатыр", - делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қаржылық мониторингі агенттігі Перизат Қайрат пен Гайни Алашбаеваға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, істі Бас прокуратураға жолдаған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.