jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот процесі басталды

    Перизат Қайрат
    Перизат Қайрат. Фото: instagram.com/01pk

    Бүгін, 9 шілдеде Астанада Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты ісі бойынша сот процесі басталды.

    Астана соттарының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, бүгін алдын ала тыңдау өткен, өтініштер қаралып жатыр.

    Сот отырысты ашық немесе жабық форматта өткізу мәселесін шешу үшін кеңесу бөлмесіне кеткен.

    24kz телеарнасының мәліметінше, жабық өткізу – бұл ең алдымен айыпталушының талабы. Перизат Қайраттың қорғаушысы қылмыстық істе банк деректері, жеке мәліметтер сияқты құпия сақталуы тиіс ақпараттың болуына байланысты отырысты жабық өткізу туралы өтінішін жеткізген.

    Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының залына Перизат Қайраттың өзі және Анасы Ғайни Алашбаева келген. Отырысқа қорғаушылар және іске қатысы бар өзге де тараптар қатысып жатыр. Бірнеше куәгер онлайн режимде қосылған.

    Перизат Қайрат сот залында өзін және анасын фото, бейне таспаға түсіруге қарсы екенін жеткізген.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс сотқа жолданғанын хабарлаған едік. Бас прокуратура ұсынған мәлімет бойынша, олар 3 миллиардтан астам теңгені жымқырды деп айыпталып жатыр.

    Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот процесі басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.