"Қарамағындағыларды "тәрбиелеу" үшін рогаткамен атқан": Абай облысында полиция бастығының видеосы тарады (видео)
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде Абай облысындағы аудандардың бірінде полиция бастығы қызметкерлеріне "рогаткадан" атқаны туралы ақпарат тарап, видеосы жарияланды. Өңірлік ПД баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты түсініктеме беріп, қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Jagdai деп аталатын Telegram-арнада полиция бөлімшелерінің бірінің басшысы қызметкерлерін "рогаткамен" атқаны туралы ақпарат тарады.
"Желіде Шар қаласы полиция бқлімшесінің бастығы қызметкерлерін "рогаткамен" атқылаған видеосы тарады. Кадрлардан ол бұл әрекетін "тәрбие" тәсілі деп түсіндіргенін көруге болады", - делінген видео сипаттамасында.
NUR.KZ тілшісі Абай облыстық полицияның баспасөз қызметіне сұрау салды.
"Абай облысы полиция департаментінің жеке құрам инспекциясы оқиға орнына барып, қызметтік тексеріс жасайды. Тексерік нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шешім қабылданбақ", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2264430-qaramagyndagylardy-tarbieleu-ushin-rogatkamen-atqan-abai-oblysynda-politsiia-bastygynyng-videosy-tarady-video/