jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Түркістан облысында жанармайды шекарадан жасырын өткізу үшін ұзындығы 450 метр тоннель қазылған

    тоннель
    Видеодан кадр: ҚМА баспасөз қызметі

    Түркістан облысында жанармай өнімдерін жасырын тоннель арқылы шекарадан өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомстводағылардың мәліметінше, қылмыстық топтың әрекеті Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен Қаржылық мониторинг агенттігінің және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлесіп, Өзбекстан құқық қорғау органдарының қолдауымен ашылған.

    Тергеу барысында анықталғандай Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараға жақын аумақта топ мүшелері 450 метрлік жерасты тоннелін қазған.

    "Қылмыстық схема 2 ай бойы жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде шетелден қаржыландырылып отырған жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған логистикалық бағыттар мен жасырын шығару арнасы құрылған", - делінген хабарламада.

    Операция барысында Өзбекстан тарабы да өз аумағында дәл осындай шаралар жүргізген.

    Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлға анықталды. Қазақстан Республикасының 5 азаматы күдікті ретінде танылды.

    Қазіргі уақытта тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

    Түркістан облысында жанармайды шекарадан жасырын өткізу үшін ұзындығы 450 метр тоннель қазылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.