jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Мейірман Шекеев: Шерзат Болат ісі бойынша сотталушылардың бірі қамаудан босатылды

    сот отырысы
    Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы. Фото: t.me/Jogargy_sot

    Заң кеңесшісі Мейірман Шекеев Шерзат Болат ісі бойынша тың ақпарат бөлісті. Ол Instagram желісіндегі парақшасында іс бойынша апелляциялық сот отырысы 18 тамызға белгіленгенін, сондай-ақ осы іс бойынша сотталғандардың бірі бостандыққа шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Заң кеңесшісі, Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша жәбірленуші тараптың өкілі Мейірман Шекеев желіде мәлімдеме жасады.

    "Шерзат Болат ісі бойынша апелляциялық сот мәжілісі 2025 жылдың 18 тамызы сағат 11:00-ге Алматы облысы сотының ғимаратында қарауға тағайындалды. Сонымен қатар сотталған Д.Ы. бірінші сатыдағы сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан Алматы облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды", - деді Мейірман Шекеев.

    NUR.KZ тілшісі бұған қатысты Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сауал жолдады.

    Айта кетейік, бұған дейін Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сотталғандар апелляциялық шағым түсіргенін хабарлағанбыз.

    Мейірман Шекеев: Шерзат Болат ісі бойынша сотталушылардың бірі қамаудан босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.