jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Желіде танысқан ерлерден ақша бопсалаған": Шымкентте екі қыз бен үш жігіттен құралған топ ұсталды

    қолы кісендеулі ер адам
    Қолы кісендеулі ер адам. Иллюстрациялық фото: Victor Yang/Getty Images

    Шымкентте желі арқылы танысқан ер адамдарды жалдамалы пәтерге шақырып алып, олардан ақша бопсалады деген топтың әрекеті әшкере болды. Полиция мәліметінше, күдіктілер алдын ала жоспарланған схема бойынша жұмыс істеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

    Басылымның хабарлауынша, күдікті топтың құрамында екі қыз және үш жігіт болған.

    Полицияға арызданған жәбірленушінің айтуынша, топ мүшелері оны ұрып-соғып, 800 мың теңге қаражатын тартып алған.

    "Жедел шаралар барысында күдіктілер алдын ала жоспарланған схема бойынша әрекет еткені белгілі болды. Қыздар әлеуметтік желі арқылы ер адамдармен танысып, сеніміне кіріп, жалдамалы пәтерлерге кездесуге шақырған. Кездесу барысында пәтерге олардың сыбайластары баса-көктеп кіріп, өздерін қыздардың туыстары, ағалары немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған. "Мәселені шешу" сылтауымен олар жәбірленушілерді ұрып-соғып, ақша талап еткен", - деп жазады басылым.

    Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды.

    Ұсталғандардың ұялы телефондарын тексеру кезінде осыған ұқсас өзге де қылмыстардың деректері анықталды. Қазіргі уақытта басқа да жәбірленушілерді анықтау және барлық заңсыз әрекетті құжаттау жұмыстары жалғасып жатыр.

    "Желіде танысқан ерлерден ақша бопсалаған": Шымкентте екі қыз бен үш жігіттен құралған топ ұсталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.