jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Үйдің ортақ чатына хабарлама жазған Петропавл тұрғыны жарты миллион теңге айыппұл арқалады

    телефон ұстаған әйел
    Телефон ұстаған әйел. Иллюстрациялық фото: Chalongrat Chuvaree / Getty Images

    Петропавлда өзі тұратын үйдің ортақ чатында өзгеге жала жапқан әйел жауапқа тартылды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Соттың ресми Telegram-каналында хабарланғандай, Петропавл қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

    Сот отырысында анықталғандай, 2025 жылғы маусым айында К. өзі тұратын үйдің ортақ чатында бұрынғы ОСИ төрағасы тұрғындарды жаңылыстырады, жалған шарттар ұсынады, жалпы жиналыс өткізбей, ОСИ бюджетінен дәлелсіз шығындарға ақша алады деген жалған ақпарат таратқан.

    Сот отырысында К. кінәсін ішінара мойындады. Алайда бұрынғы ОСИ төрағасының қаржылық құқық бұзушылықтарын дәлелдейтін құжаттар ұсынылған жоқ.

    Қазақстан ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігіне сәйкес, жала жабу – басқа адамның ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін не оның іскерлік беделіне зиян келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді бұқаралық түрде немесе телекоммуникация желілері арқылы тарату — әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

    Істі қарау нәтижесі бойынша сот К.-ны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 495 432 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданды.

    Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

    Үйдің ортақ чатына хабарлама жазған Петропавл тұрғыны жарты миллион теңге айыппұл арқалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.