jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Маңғыстауда жаппай төбелес кезінде бір адам көз жұмды

    Жұдырық
    Жұдырық. Көрнекі фото: Getty Images / stock photo

    Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында жаппай төбелес болды. Оған қатысқандардың бірі алған жарақатынан қайтыс болды. Бірнеше қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13-нен 14 тамызға қараған түні Бейнеу ауданында бір топ жас жігіт жаппай төбелеске қатысқан, нәтижесінде олардың бірі өлімге әкеп соққан ауыр жарақат алған.

    "Осы фактілер бойынша бірқатар қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оқиға орнында 14 адамды анықтап, ұстады, олардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында бірқатар жедел-іздестіру шарасы жүргізіліп жатыр", - деп мәліме етті департаменттегілер.

    Полицейлер азаматтардан тексерілмеген ақпаратты таратпауды және тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Маңғыстауда жаппай төбелес кезінде бір адам көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.