jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматының экс-әкімі Храпуновтың ұлы АҚШ-тағы сотта кінәлі деп танылды

    судья
    Судья. Иллюстрациялық фото: AndreyPopov / Getty Images

    Алматы қаласының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпунов Нью-Йорктегі федералдық сотта кінәлі деп танылды. Бұл туралы еліміздің Әділет министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 6 тамызда АҚШ-тың Нью-Йорк Оңтүстік округі бойынша Округтік соты дәлелдемелерді зерттеу арқылы өткен тыңдау қорытындысында талапкерлер – Алматы қаласы мен "БТА Банк" АҚ пайдасына шешім шығарып, Ілияс Храпуновты сотты құрметтемеу айыбымен кінәлі деп таныған.

    "Бұған дейін қабылданған $221,285.31 төлеу жөніндегі міндеттемеге қоса, федералдық судья Джон Г. Кёлтл Храпуновтың өз активтері туралы тұрақты түрде есеп беруді міндеттеген соттың нақты әрі айқын бұйрығын бұзғанын анықтады.

    Мұндай есептерді ұсыну міндеті оған бұрын сотты құрметтемеу айыбы бойынша кінәлі деп танылғаннан кейін жүктелген болатын", - делінген хабарламада.

    Жаңа сот шешіміне сәйкес, Ілияс Храпунов өз активтері және оған қарсы шығарылған сот шешімдерін орындау үшін ақша алуға жасалған әрекеттер туралы толық мәліметті тұрақты түрде ұсынуға міндетті.

    Бұл талап орындалмаған жағдайда оған қосымша қаржылық санкциялар қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ Ілияс Храпунов Алматы қаласы мен "БТА Банкке" сотты құрметтемеуі салдарынан келген шығындарды өтеп беруге тиіс.

    Алматының экс-әкімі Храпуновтың ұлы АҚШ-тағы сотта кінәлі деп танылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.