jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Сот Нұрасыл Болаттың жазасын жеңілдетуден бас тартты

    Судья балғасы
    Судья балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

    Сот Болат Нұрасыл Дәулетұлының жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бұл туралы Алматы облысы соттарына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Соттың мәліметінше, Алматы облысы Алатау қаласының сотында 2025 жылғы 4 қыркүйекте сотталған Болат Нұрасыл Дәулетұлының жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініші қаралған.

    Істің мән-жайы:

    2024 жылғы 22 қазанда Алматы қаласы Медеу ауданы №2 аудандық сотының қаулысымен сотталған Нұрасыл Болатқа қатысты 1 жыл 5 ай 10 күн бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған.

    Бұл шара пробациялық бақылау талаптарының бірнеше рет бұзылуына байланысты қабылданған.

    Атап айтқанда, сотпен анықталған фактілер:

    • 2024 жылғы 14 тамызда түнгі сағат 03:00-де қоғамдық орында болу арқылы соттың қойған шектеулерін бұзуы;
    • 2024 жылғы 11 қазанда кешкі уақытта мейрамханаға баруы;
    • 2024 жылғы 12 қазанда түнгі ойын-сауық мекемесінде болуы.

    "Сотталған адамға алдын ала міндеттері түсіндіріліп, олардың бұзылуының салдары туралы ескертілген. Бұзушылықтар іс материалдарымен расталды", - делінген хабарламада.

    Бүгінгі сот отырысында Нұрасыл Болат жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандыруды сұраған.

    Прокурор сотталғанның өтінішін жартылай қанағаттандырып, жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстыруды сұраған.

    Жәбірленуші О. Чернов сотталғанның ұстанымын қолдап, өтінішті қанағаттандыруды сұраса, жәбірленуші А.Чернова өтінішті жартылай қанағаттандырып, жазаны бас бостандығын шектеуге ауыстыруды сұраған.

    Алайда Алматы облысы Алатау қаласының сотының қаулысымен сотталған Нұрасыл Болаттың жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырусыз қалдырылды.

    "Өтінішті қанағаттандырудан бас тартудың негізі ретінде сотталғанның бас бостандығын шектеу жазасының шарттарын бұрынғы уақытта жүйелі түрде бұзғаны алынып, барлық мән-жай мен ҚР Қылмыстық кодексінің 73-бабын ескере отырып, сот сотталған Нұрасыл Болаттың мінез-құлқындағы оң өзгерістерді расталмағанын анықтады, оның түзелгенін дәлелдеген жоқ. Сондықтан жазаны орындау жалғасуы тиіс", - делінген хабарламада.

    Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

    Сот Нұрасыл Болаттың жазасын жеңілдетуден бас тартты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.