jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Нұрлан Нығматулиннің ұлына қатысты іс тоқтатылды: себебі белгілі болды

    Нұржан Нұрланов
    Нұржан Нұрланов. Фото: baiterek.gov.kz

    ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов сенат отырысында мәжілістің бұрынғы спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты іс бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Журналистердің осыған қатысты сауалына Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов қысқаша түсінік беріп, шетелден ақпарат күтіп жүргендерін жеткізді.

    "Тергеу халықаралық сұрау салуға байланысты тоқтатылды; жауап алған соң оның мәртебесі анықталады. Әзірге ол іс бойынша куәгер ретінде жауап беріп жатыр", - деді ол.

    Еске сала кетейік, сәуірде айында желіде мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нығматулинге қатысты қылмыстық істің тергеліп жатқаны туралы ақпарат тарады. Жазбаға ІІМ өкілі пікір білдірді.

    Министрліктегілер аталған дерек бойынша Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    "Қазіргі таңда істің мән-жайын жан-жақты, толық және әділ зерттеу үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деген еді ІІМ баспасөз қызметі өкілдері.

    Нұрлан Нығматулиннің ұлына қатысты іс тоқтатылды: себебі белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.