"Есірткіге мас күйде көлік жүргізген": танымал рэп орындаушы 15 тәулікке қамаққа алынды
Жарияланған күні:
Ақтөбе қаласында есірткіге мас күйде көлік жүргізген 31 жастағы рэп-орындаушы ұсталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, тінту кезінде одан ұнтақ тәрізді зат салынған зип-пакет табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы оның синтетикалық есірткі заты екенін анықтады.
"Медициналық куәландыру нәтижелері де оның көлікті есірткіге мас күйде басқарғанын растады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, сот шешімімен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.
Kazinform ақпарат агенттігінің мәліметінше, ұсталған рэп-орындаушы Qarakesek (Омар Амантаев).
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/crime/2282712-esirtkige-mas-kuide-kolik-zhurgizgen-aqtobede-tanymal-rep-oryndaushy-15-taulikke-qamaqqa-alyndy/