jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматы облысында 11 кәсіпкерді алдап, қашып кетті деген күдікті Бішкектен экстрадицияланды

    қолы кісендеулі ер адам
    Күдіктіні ұстау. Иллюстрациялық адам: Kirk Marsh/Getty Images

    Алматы облысындағы ең ірі азық-түлік базарында сауда бутиктерін сатамын деп 11 кәсіпкерді алдап, қаражатын иемденді деген күдікпен іздеуде жүрген адам Бішкектен экстрадицияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

    Ведомство мәліметінше, кәсіпкерлерді сан соқтыды деген күдікті Бішкекте ұсталды.

    "Тергеу барысында 2019–2022 жылдар аралығында оның өзге адамдармен бірге алдын ала сөз байласу арқылы өңірдегі ең ірі азық-түлік базарларының бірінде сауда бутиктерін сату сылтауымен азаматтарды жүйелі түрде алдап келгені анықталды. Алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде ол 11 кәсіпкердің жалпы 126 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген", - дейді прокуратура өкілдері.

    Күдікті құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген, оған халықаралық іздеу жарияланған.

    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сұрауы негізінде ол қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін белгіленген тәртіппен еліне экстрадицияланды.

    Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Кінәсі дәлелденсе, күдіктіге мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Алматы облысында 11 кәсіпкерді алдап, қашып кетті деген күдікті Бішкектен экстрадицияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.