jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алматыда ақша айырбастау пунктінде бейтаныс адам қала тұрғынының 13 млн теңгесін ұрлап кетті

    күдікті
    Күдікті. Видеодан кадр: polisia.kz

    Алматыда ақша айырбастау пунктінің жанында әлдекім қала тұрғынынан 13 млн теңге көлеміндегі ақшасын ашық түрде тартып алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

    Ведомстволық басылымның хабарлауынша, оқиға Төле би даңғылы бойындағы айырбастау пунктінің маңында болған. Бейтаныс ер адам қала тұрғынынан 13 млн теңге көлеміндегі ақшаны ашық түрде тартып алған.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері 39 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді.

    "Күдіктінің тұрғылықты мекенжайына жүргізілген тінту барысында қылмыс кезінде бейнежазбаға түскен киімдер, ақшалай қаражат және өзге де заттай айғақтар табылып, тәркіленді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

    Алматыда ақша айырбастау пунктінде бейтаныс адам қала тұрғынының 13 млн теңгесін ұрлап кетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.